Жауабын кітап айтады
Жауабын кітап айтады
Бір адам түнімен көз ілмейтін дертке шалдығады. Әлгінің ауруы алдында дәрігер де, емші де шарасыз. Әбден қиналған байғұс: – Енді не істеймін? – деп көршісіне мұң шағады. Көршісі көп оқитын белгілі ғұлама екен: – Кітап оқы, – деп кеңес береді. – Сонда ұйықтап қалам ба? -Ұйықтап қаларсың, қалмассың, бірақ дөңбекшумен босқа өткен түндеріңе өкініп, жүйкең жұқармайтын болады. – Қалай? – Оның жауабын мен емес, кітап айтады.
Азамат ТАЛАСИ.