Қазақстандықтардың ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде қалай демалатыны белгілі болды
Қазақстандықтардың ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде қалай демалатыны белгілі болды
ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде өткізілетін іс-шаралар тізімін жариялады.
Министр бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.
«Достар, өткен аптаның соңында мен журналистеріміздің сұрақтарына жауап беру мақсатымен баспасөз конференциясын өткіздім. 25 БАҚ өкілдерімен сұхбат екі сағаттан көп уақытқа созылды.
Сұрақтардың көбі, əрине, ЭКСПО-2017 халықаралық көрме аясында өтетін мəдени жəне спорттық іс-шаралар жайында болды.
Министрлік Қазақстанның өнер және спорт шеберлері мен талантты жастарының қатысуымен 700-ге жуық мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Барлық іс-шара ЭКСПО-2017 көрмесінің 93 күні бойы Астана қаласының үздік алаңдарында өткізілетін болады»,-деп жазды министр Facebook-тегі аккаунтында.