Денсаулық

Димаш Қытайдағы жетім балаларға көмектесті

Димаш Қытайдағы жетім балаларға көмектесті

Димаш Құдайберген кеше Қытайдың Тиянжин қаласындағы «SOS» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек жасады.

Димаш тағдырдың тауқыметін тартқан жетім балаларға қағаз-қалам, көрпе-жастық секілді әр түрлі тұрмыстық бұйымдар тарту еткен. «Осындай жетім балаларға көмек қолын созу - қоғамның борышы, бұдан кейін де жеткіншектердің ақаусыз өсіп жетілуі үшін өз көмегімді жасап отырамын», -дейді Димаш Құдайберген. Балалар үйінің басшылығы Димаштың кеңпейілділігіне ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хат тапсырған. Айта кетейік, Тиянжиндегі бұл балалар үйі - «SOS» халықаралық балалар үйінің Қытайдағы ең үлкен бөлімшесі. Онда 132 жетім бала тұрады.

Димаш Қытайдағы жетім балаларға көмектесті

ақпарат көзі: inform.kz