Головкиннің Астанадағы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Головкиннің Астанадағы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Геннадий Головкиннің жекпе-жегі 17 шілдеде "Астана Арена" стадионында өтеді. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықпаев мәлімдеді.
"Жекпе-жектің 17 шілдеде өтетіні белгілі болды. Головкин қолын қойды. "Астана Аренада" ұлыбританиялықпен жұдырықтасады. Сондықтан дайындалыңыздар, ақша жинаңыздар, билеттер арзан болмайды деген ойдамын. Екі аптада бәрі анық болады. Кәсіпқой бокс бизнеске айналып кетті ғой. Меніңше, билет бағасы 10-15 мың теңге болады", - дейді ол. Еске салайық, 18 наурызда Дэниэл Джейкобспен жекпе-жектен кейін Головкиннің келесі кездесуі Астанада өтеді деген сөз тараған болатын. Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен наурыз айының соңында қазақстандық боксшының командасымен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеген еді.
ақпарат көзі: tengrinews.kz