Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш
Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш
Петропавлдық талапкер Айнұр Серік ҰБТ сұрақтарының ішінде сыра зауыты туралы сұрақтың кездескенін телеарна арқылы айтып, елді бір шулатқан еді. Бірақ ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев баспасөз мәжілісінде 2014 жылғы ҰБТ-да сыра зауыты туралы сұрақ болған жоқ деп мәлімдеді.
Тіпті Айнұрдың Қазақстан тарихынан тапсырған тест сұрақтарын әкеліп, журналистерге көрсетті. Айтса айтқандай, сұрақтар арасында одағай сауал жоқ екен. Ал, Алматының сыра зауытына қатысты сұрақ тестілеуде былтырғы жылы кездесіпті. Жақында талапкер жалған ақпараты үшін ҚР Білім және ғылым министрінен кешірім сұрады.
«Ақ жол - Ақпарат».