Денсаулық

Қазақстандық адамзат тарихындағы ең қиын үш есептің бірін шығарды

Қазақстандық адамзат тарихындағы ең қиын үш есептің бірін шығарды

Ақылбек Көпжасаров шығарған есептің дұрыстығын Еуропа математикалық қоғамы растап отыр.

20 жастағы Атырау облысының тұрғыны Ақылбек Көпжасаров әлемдегі ең қиын үш есептің біреусін шығарды. Аталған фактіні Еуропа математикалық қоғамы растап отыр. Ақылбек Көпжасаров аталған есеп туралы алғаш рет осыдан 5  жыл бұрын өзінің математика пәнінен сабақ беретін ұстазынан естіген. Содан бері ол қолы қалт етсе, осы есепті шығаратын болған.

Ақыры ол жауабын тауып, оны математикалық қоғамға жіберген. Олар өз кезегінде екі айдан кейін есептің дұрыс шығарылғанын айтқан. Мұнымен қатар, 2018 жылы Ақылбекті арнайы марапаттайтындарын мәлімдеген. Әзірге қазақстандыққа қарсы жауап айтып, мін таққандар жоқ.