Қазақстанда туған қыз әлемді таңғалдыруда: 21 жекпе-жек – 21 жеңіс
Қазақстанда туған қыз әлемді таңғалдыруда: 21 жекпе-жек – 21 жеңіс
Қазақстанда өмірге келген, бұл күндері Германия атынан шығып жүрген 26 жастағы Кристина Хаммер орта салмақта WBC және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы деген атақты қорғады.
Бірнеше күн бұрын боксшы қыз Дортмунд қаласында швециялық Мария Линбергпен қолғап түйістірген. 10 раундтың қорытындысы бойынша барлық төрешілер жеңісті Хаммерге берді: 100-90, 100-90, 100-90.
Осылайша Кристина тоғызыншы рет WBO титулын, ал алғаш рет WBC титулын қорғап отыр. Ал бұл Кристинаның 21-ші жекпе-жегіндегі 21-ші жеңісі (18 нокаут).
“Бұл мен үшін керемет кеш болды. Менің 21-ші жеңісім. Қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Мен орта салмақтағы WBC және WBO чемпионымын және жылдың үздік боксшысымын”, – деп жазды Хаммер желідегі парақшасында.
Кристина Хаммер 1990 жылы 16 тамызда Қарағанды облысындағы Новодолинка ауылында дүниеге келген.
Бала кезінде ата-анасымен Германияға көшіп, Дортмунд қаласында өседі.
Алғаш рет бокспен 15 жасында танысып, арада бес жыл өткенде кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанады.
Неміс қызы қазақстандық Геннадий Головкинді кумир тұтады.