Денсаулық

Денис Тен Әлем чемпионатының еркін бағдарлама кезеңіне өтті

Денис Тен Әлем чемпионатының еркін бағдарлама кезеңіне өтті

Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Денис Тен қысқа бағдарламада 9-орын алды.

Отандасымыз  өз жаттығуын сәтті орындап, 90,18 ұпай жинады. Осылайша, маусымдағы ең үлкен нәтижесіне қол жеткізді. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша, испандық Хавьер Фернандес бірінші орынға ие болды. Ол 109,05 ұпайға қол жеткізді. Екінші орынға 104,86 ұпаймен жапондық мәнерлеп сырғанаушы Шома Уно иелік етсе, Үшінші орынды 102,13 ұпай жинаған канадалық Патрик Чен жеңіп алды. Денис Тен 9-орын алғанымен еркін бағдарлама кезеңіне өтті. Бұл кезеңге спортшылар 1 сәуір күні шығады. Отандасымыз алғашқы ондықтағы орнын сақтап қалды. 2018 жылғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан екі мәнерлеп сырғанаушы қатысатын болады. Айта кетейік, Денис Тен 2014 жылы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алса, 2015 жылы «қола» алған болатын.

ақпарат көзі: kazinform.kz