Денсаулық

Италия азаматы алтыннан аяқ киім жасады

Италия азаматы алтыннан аяқ киім жасады

Италияның Турина қаласындағы аяқ киім шебері Антонио Вьетри әлемде алғаш рет 24 караттық таза алтыннан туфли жасады.

Мокасиндер қара және көк түсті күдеріден тігіліп, терінің көмегімен алтын, күміс және платинамен безендірілген. Аяқ-киімнің бір жұбында 230 гр. алтын бар. Туфли тапсырыспен 3D-сканерлеу технологиясының көмегі арқылы жасалады.

Gold коллекциясында ұсынылған ер кісілердің туфлиін 25 мың еуроға сатып алуға болады. Ал, әйелдердің биік өкшелі туфлиі сатылымға осы жылы шығады, оның құны 30 мың еуроны құрайды. Қазіргі таңда Вьетри аяқ-киімдерін БАӘ, Катар және Сауд Арабиясы секілді Парсы шығанағында орналасқан елдерге апаруды көздеп отыр.