Әлеумет

экспо – 2017: көрген де арманда, көрмеген де арманда

экспо – 2017: көрген де арманда, көрмеген де арманда

немесе Халықаралық көрмеге қатысу ерекшеліктері туралы

Халықаралық көрмені алдын ала сатып алынған билеттер бойынша көріп, тамашалай аласыз. Бұл үшін туристік пакет немесе жеке билет сатып алуыңыз керек. Турпакеттің құрамына кем дегенде «Тараз-Астана», «Астана-Тараз» бағыттары бойынша қандай да бір көлікке жолкіре пұлы, Астана қаласында аялдайтын қонақ үй және көрмеге кіру билеті кіреді. Турпакеттің бағасы оның құрамына кіретін қызмет түрлерінің бағалары мен олардың санына байланысты белгіленеді. Оны сатып алушы көрмеге облыстың туристік фирмалары ұйымдастыратын топ құрамында қатысады. Осы тұрғыдағы басқа да мәліметтерді мына төменде көрсетілген облыстық туроператорлар «Baiterek Travel Center» ЖШС-нан 8 (7262) 45-17-26, 8 701 55590516 «Тараз-профсоюз турист» ЖШС-нан 8 (7262) 42-50-50, 8 701 629 88 56, «Жамбыл Сервис» ЖШС-нан 8 (7262) 34-42-43, 8 777 7455452, «Золотой караван»ЖШС-нан 8 (7262)56-83-77, 8777 667 44 47, «Отырар Travel» ЖШС-нан 8(7262) 45-66-56, 8 (7262) 43-55-67 телефондары арқылы байланысып алуға болады. Турпакетсіз тек көрмеге кіруге рұқсат беретін билеттер жеке сатылады. Билеттерді сатып алынған орны бойынша қайтару қарастырылған. Қандай да бір себеппен билет қажетсіз болған жағдайда күні белгіленген билет көрмеге барар күннің алдындағы күннің соңына дейін қайтарып алынады. Жоғалтып алған жағдайда билетті tickets.expo2017astana.com сайтында құрылған жеке кабинеттен басып шығаруға болады. 2016 жылдың 2 қарашасынан бастап «Қазпошта» акционерлік қоғамының облыс аумағындағы автоматтандырылған 30 пошта бөлімшесінде көрмеге билет сату басталды. Бұл іс көрменің соңғы жұмыс күні – биылғы жылдың 10 қыркүйегіне дейін жалғасады. «Қазпошта» бөлімшелері арқылы ең шалғайдағы өңірлердің тұрғындарына да көрмеге билет сатып алу мүмкіндігі туып отыр. Пошта бөлімшелерінің операторлары электрондық билеттерді tickets.expo2017astana.com ресми сайты арқылы рәсімдейді. Көрмеге қатысуға ниет білдірген облыс тұрғындары күні белгіленген билеттерді жұмыс күндеріне 4000 теңгеге және демалыс күндеріне 6000 теңгеге ала алады. Ал күні белгіленбеген билеттер бағасы – жұмыс күніне 6000, ал демалыс күндері 8000 теңге белгіленген. Билеттерді сату қолма-қол ақшамен де, төлем кәртішкелерімен де жүзеге асырылады. Бөлімшелердің толық тізімі «Қазпошта» АҚ ресми сайтында орналастырылған: www.post.kz, байланыс телефоны 8 (7262) 43-37-08. Жеке билеттерді Тараз қаласындағы «SMALL» ірі сауда орнында орнатылған арнайы дүңгіршектерде де сату қарастырылуда. «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ көрменің өткізілу шеңберінде жолаушылар үшін 2 жаңа қызмет түрін іске асыруды жоспарлауда. Ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап сатылуға шыққан «Астана-ЭКСПО» дисконттық картасын сатып алған жолаушыға «Тұлпар-Тальго» коммерциялық пойызына жылдың аяғына дейін 15 пайыздық жеңілдік, сонымен қатар көрмеге 1 билет сыйлық ретінде берілмек. Дисконттық картаның бағасы сыйлығымен қосқанда (ЭКСПО-ға билет) 9 999 теңге тұрады. Аталған картаны темір жол бекетінің кассаларынан алуға болады. Туындаған мәселелер бойынша 8 (7262) 96-15-38, 8 (7172) 60-02-49 телефондары арқылы хабарласуға болады. Ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап жолаушының қалауы бойынша темір жол бекеттеріндегі кассаларынан 2000 теңгеден жоғары кез-келген темір жол бағытына билетке қоса ЭКСПО билетін де ала алады. ЭКСПО-ға жеке билеттер сатылмайды. Қосымша ақпараттарды www.temirzholy.kz. сайтынан алуға да болады. Бақытжан ҚАЛИЕВ, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы.