Таразда террорға қарсы жаттығулар өтті
Таразда террорға қарсы жаттығулар өтті
Тараз полициясы қалада террорға қарсы жаттығу өткені туралы хабарлап, тұрғындарды үрейленбеуге шақырды. «2017 жылы, наурыздың 29 күні Тараз қаласы аумағында Жамбыл облыстық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабы «Наурыз антитеррор – 2017» деген шартты атаумен террорға қарсы жаттығулар өткізді. Оның мақсаты – терроризммен күрес жөніндегі жедел штабтың мүшелері және жедел топтары арасында жұмыстың үйлесімділігін жетілдіру» делінген полиция хабарламасында. 2016 жылғы маусымда Ақтөбе қаласында жасалған қарулы шабуылдардан кейін Қазақстан қалалары мен елді мекендерінде террорға қарсы жаттығулар жиі өткізілетін болды. Билік Ақтөбедегі шабуылдарды теракт деп атаған. Террорға қарсы жаттығулар кезінде қоғамдық нысандар қоршауға алынып, ешкімді өткізбейді. Полицияның хабарлауынша, сәрсенбі күні Тараздағы жаттығуларда дабыл беру жүйесі әзірлігін, арнайы күштер мен жедел штабтың шартты түрде «теракт болған» жерге жету дайындығын тексеру жоспарланған.
«Ақ жол-Ақпарат».