Денсаулық

ҚР ІІМ басшысы су тасуы мүмкін өңірлерді атады

ҚР ІІМ басшысы су тасуы мүмкін өңірлерді атады

Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қазақстандағы көктемгі су деңгейінің көтерілуі жайында баяндады.

«Барлық өңірлерде тиісті шаралар жүргізілуде. 24-25 наурызда Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарындағы жағдайды әуе көлігімен қарап шықтық, ал 29 наурызда Қарағанды облысының аумағын тексереміз»,-деп тоқталды министр. Қасымовтың сөзіне қарағанда, бұдан бұрын гидрометеорологиялық орталықтың мәліметі мен су қоймаларындағы жағдайды ескере отырып, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары қауіптіліктің жоғары деңгейіне жатқызылған болатын. «Алайда, соңғы ауа райы мәліметтерін ескере келе, қауіптілік Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында сақталып отыр. Қызылорда бойынша баяндадық, яғни судың біршама тасуы орын алды. Мұздың жарылу кезеңі өтті, осы орайда, айтарлықтай қатер жоқ. Ауа райын ескере отырып, Қостанай облысында су деңгейінің көтерілуін 6-7 сәуірге, ал Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында 8-9 сәуірге болжадық. Аталған мерзімге барлық күштер дайындалып, барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», - деді ҚР ІІМ басшысы. Өз кезегінде Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл мәселені үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.