Бурабайда шетелдік инвесторлар кеңесі өтеді
Бурабайда шетелдік инвесторлар кеңесі өтеді
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бурабайда 12-13 маусым күндері Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы өтеді. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.
Аталған жиында шетелдік инвестор-лардың еліміздің екінші индустриялық-инновациялық бесжылдығына қатысу мәселелері талқыланады. Естеріңізге сала кетейік, Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі Мемлекет басшысының 1998 жылғы 30 маусым-дағы №3985 Жарлығымен құрылған болатын. Бұл кеңестің мақсаты – елімізде жұмыс істейтін инвесторлармен тікелей диалогты қамтамасыз ету. Кеңес консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Оған Президент басшылық етеді.