Денсаулық

Моңғолия президенті Наурызды қазақ отбасында қарсы алды

Моңғолия президенті Наурызды қазақ отбасында қарсы алды

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж оқытушы, ғалым ақсақал Қылыш Ақсолтанның үйінде болды, - деп хабарлайды ARD ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қылыш Ақсолтан Моңғолияда 53 жыл бойы еңбек етіп келеді. Оның 40 жылын Моңғол Мемлекеттік Университетінің ғылыми қызметкері және экономика факультетінің оқытушысы қызметінде болған. Соңғы 13 жылын "Моңғол" жоғары оқу орнында оқытушы болып істеді. Қылыш ақсақал мен Аятолхан әжейдің төрт баласы мен 6 немересі бар. Цахиагийн Элбэгдорж үй иесі мен моңғолиялық барша қазақты Наурыз мейрамымен құттықтады. "Көктем мерекесі өрлеуді, теңесу мен бар жақсылықтың келуін сипаттайды", - деді Цахиагийн Элбэгдорж Қылыш ақсақалмен әңгімелесе отырып.

ақпарат көзі tengrinews.kz