Есікті ашпақ болған қызды жел ұшырып әкетті
Есікті ашпақ болған қызды жел ұшырып әкетті
Линдхерст қаласында (АҚШ, Огайо штаты) 4 жастағы қыз есікті ашпақ болған сәтте азынақ жел баланы есіктің тұтқасымен бірге ұшырып әкетті
Балаға ешқандай зақым келмеген. Тіпті ол екінші қолында тұрған телефонды да құлатып алмапты. Оқиға болған кезде анасы баласына көмекке ұмтылған. Желдің әсерінен ұшып кеткен баланың аты Мэддисон Гарнер.
Дауылды желдің баланы ұшырып әкеткен сәті видеоға түсіп қалған екен. Мэдиссонның ата-анасы видеоға Come Fly with Me әнін қосып, қызықты да қауіпті сәтті желіге жүктепті.