Денсаулық

Әлемдегі өмір сүру деңгейі ең жоғары қалалар

Әлемдегі өмір сүру деңгейі ең жоғары қалалар

Жыл сайын әлемдегі ең ірі HR фирмалардың бірі Mercer өмір сүру сапасының индексіне қарай қалалар рейтингін жариялайды, деп жазады Business Insider. Аталған тізімді жасау барысында әлем бойынша 450 қала қарастырылады және келесі критерийлер ескеріледі:

  • саяси және әлеуметтік орта (саяси тұрақтылық, қылмыс деңгейі)
  • экономикалық орта (валюта ережелері, банк қызметтері)
  • әлеуметтік-мәдени орта (БАҚ мен цензура, адамның бостандық кепілі)
  • медициналық-санитариялық жағдай (медициналық қызмет, қоршаған ортаның тазалығы)
  • мектептер мен білім (стандарттар, халықаралық мектептердің болуы)
  • мемлекеттік қызмет пен көлік (электр қуаты, су, қоғамдық көлік, көлік кептелісі)
  • демалыс орындары (мейрамхана, театр, кинотеатр, спорт пен демалыс орындары)
  • тұтынушылық тауарлар (азық-түлік, күнделікті қажеттіліктер)
  • тұрғын үй (пәтер жалдау, тұрмыстық техника, техникалық қызмет)
  • табиғи орта (климат).

Mercer жасаған биылғы тізімге 230 мемлекеттің қалалары енген. Оның ішінде барлық белгілер бойынша үздік деп танылған қалалар тізімі:

1.Вена, Австрия src=2.Цюрих, Швейцария src=3.Окленд, Жаңа Зеландия src=4.Мюнхен, Германия src=5.Ванкувер, Канада src=6.Дюссельдорф, Германия src=7.Франкфурт, Германия src=8.Женева, Швейцария src=9.  Копенгаген, Дания src=10. Базель, Швейцария src=11. Сидней, Австралия src=12. Амстердам, Нидерланд src=13. Берлин, Германия src=14.Берн, Швейцария src=

  15.Веллингтон, Жаңа Зеландия  src= 16. Мельбурн, Австралия  src= 17. Торонто, Канада  src= 18. Оттава, Канада  src= 19.Гамбург, Германия  src= 20. Стокгольм, Швеция  src=