Экономика

«Тараз су» Сынақ зертханасының жұмысы талапқа сай

«Тараз су» Сынақ зертханасының жұмысы талапқа сай

Ауызсу – бұл біздің өміріміздің ажырамас элементі, біздің ортақ байлығымыз, денсаулығымыз, қуанышымыз. Сондықтан орталықтандырылған сумен жабдықтауға берілетін ауызсудың сапасы туралы мәселе өте маңызды. Халықтың денсаулығы, олардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының деңгейі, қаланы көріктендіру дәрежесі осыған байланысты. Ауызсуға қойылатын негізгі талаптар, ол эпидемиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз болуы тиіс және жағымды органолептикалық қасиеттері болу керек. Тараз қаласында ауызсу жер асты артезиан ұңғымалардан беріледі. Артезиан көздері тереңде жатады, сондықтан ластануы, жоғары қабаттарынан ылғал осында өтіп кетуі мүмкін емес. Өйткені, ауызсумен жабдықтаудың артезиан көзі су өткізбейтін жыныстар арасында орналасқан. Мұндай су тұтқыш қабатын тек қана атмосфералық жауын-шашын ғана қоректендіреді, сондықтан ондағы су сапасы өте жоғары болады. Терең жер асты суларының санитарлық қасиеті өте зор: олар сапаны қосымша жақсартуды сирек талап етеді, тұрақты химиялық құрамы мен бактериалды қатынаста табиғи тазалығына ие болады. «Тараз су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының аккредиттелген сынақ зертханасы ауызсудың, сумен жабдықтау көздерінің, өндірістік кәсіпорындардың ағынды суларының сапасын бақылайды. Сынақ зертханасы өз қызметінде республиканың қолданыстағы заңнамасын, ұйымдастырушылық және әдістемелік құжаттарды басшылыққа алады, сынақ өткізу үшін әртүрлі санаттағы нормативтік құжаттамамен қамтамасыз етілген. Сынақ зертханасы аккредиттелген және барлық МСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарға сай келеді, оны 2016 жылғы 25 сәуірдегі №KZ.И.08.1111 аккредиттеу куәлігі айғақтайды. Сынақ зертханасы әртүрлі іс-шараларға қатысып, өз құзыреттілігін үнемі растайды. Судың ионды-тұзды стандарттық үлгілерін бақылаумен зертханааралық салыстырмалы сынақтарға жыл сайын қатысып, үнемі жоғары нәтижелер көрсетеді. Зертхана «Эксперт» оқу орталығы» ЖШС-ында Сапа күніне ұштастырылып өткізілген «Үздік зертхана» байқауына қатысып, жүлделі бірінші орынды иеленген. Бұрын сынақ зертханасы қаланың Асқаров көшесіндегі жалпы ауданы 250 шаршы метрге бейімделген ғимаратта орналасқан еді. Бұл ғимарат өткен ғасырдың 60-жылдары салынған болатын және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге үлкен қаражатты талап етті. Сондықтан «Тараз су» МКК директоры Марат Смайылов 2014 жылдың мамыр айында Ықылас Дүкенұлы сорғы стансасының аумағында орналасқан жалпы алаңы 1393,3 шаршы метр ғимаратты зертханаға жаңғырту жұмыстарын бастау туралы шешім қабылдады. Барлық жұмыстары кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жүргізілген сынақ зертханасының көптен күткен жаңа типтік ғимаратының ашылуы 2016 жылдың мамыр айында өтіп, оған Тараз қаласының сол кездегі әкімі Нұржан Календеров, ТКШ басшысы Бақытжан Жақсылықов және бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сынақ зертханасының бұл жаңа ғимараты заманауи және барлық талаптарға сәйкес келеді. Зертхананың ұйымдық құрылымы үш бөлімнен тұрады: ауызсу және ағынды судың химиялық және бактериологиялық бөлімдері. Ауызсудың химиялық және бактериологиялық бөлімдері бір-бірімен байланысты. Аталған бөлімдердің негізгі міндеттері Тараз қаласының таратқыш желісін және таратушы желісін орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінің толық химиялық, бактериологиялық талдаулары болып табылады. Ауызсудың органолептикалық, бактериологиялық және химиялық құрамын бақылау күн сайын кәсіпорын директоры бекіткен және СЭС-пен келісілген кесте бойынша жүргізіледі. Қайнар көздерінен алынатын су 29 көрсеткіштері бойынша бақыланады. Суды тұтынушыға берілетін жолдары бойынша залалсыздандыру үшін, оны желіге берілер алдында натрий гипохлоритімен хлорландырады (ас тұз электролизімен). Ол үшін су тоғандарында «Хлор-2001» хлорлы қондырғылар қолданады, сағат сайын хлор қалдығы анықталады. Ауызсудағы хлордың болмашы иісі су бактериологиялық ластанудан залалсыздандырылғанын және стандартқа сай келетінін көрсетеді. Хлордың жеңіл қоспасы – қалдық хлор, судың тұтынушыға берілетін жолдары бойынша зақымдануының алдын алу үшін қажет және бұл денсаулық үшін мүлдем зиянсыз, ашық ыдыста немесе қайнатқан кезде иісі тез ұшып кетеді. Сынақ зертханасында маңызды бөлімшелерінің бірі, бұл төгілетін тазартылған сарқынды суларды бақылау бөлімі. Бөлімнің негізгі қызметтері өндірістік ұйымдардың қалалық кәрізге ағызылатын сарқынды сулар сапасын, сондай-ақ қалалық сүзілу алаңдарына қабылданатын ағынды сулардың сапасын және сүзгілеу алаңдары орналасқан ауданда ұңғымаларын ай сайын бақылау болып табылады. Зертхана қажетті өлшеу құралдарымен, зертханалық сынау және көмекші құрал-жабдықтармен, химиялық реактивтермен, қоректік орталармен және көрсеткіштерін анықтау үшін ыдыспен жабдықталған. Сынақ зертханасын жаңарту және жетілдіру бойынша жұмыстар республика нарығында жаңа жабдықта тапжылмай жүргізілуде. Жыл сайын осы мақсаттар үшін қаражат геометриялық прогрессияда бөлінеді. Зертханаға үнемі су сапасын бағалау мен бақылаудың жаңа әдістемесі енгізілуде. Бүгінгі күні қолда бар өлшеу құралдары және сынақ жабдықтары сынақтың толықтығын және дұрыстығын, сынақ жүргізудің дұрыстығы мен нәтижелерінің дәлдігін талаптарға сәйкес қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің сынақтар саласында қажетті біліктілігі мен құзыреттілігі бар. Зертхана ұжымы өз саласында жаңа, білікті мамандармен кеңейіп келеді. 21 маманнан құралған штат сынақтарды талаптарға сәйкес жүргізеді. «Тараз су» МКК сынақ зертханасы – бұл қазіргі заманғы, үлгілі-көрнекті жоғары деңгейдегі зертхана. Өз пәтеріңізде су шүмегін ашқан кезде, сіз тұтынатын судың әр тамшысына жанкешті адамдардың еңбегі сіңгенін ұмытпаңыздар. Су – бұл тіршілік ортасының маңызды элементі болып табылады, өз үйіңізде тазалық пен тәртіпті сақтауларыңыз қажет. Суды және жер бетіндегі барлық тірі табиғатты аялайық!

Эльмира СЕЙДАЛИНА, «Тараз су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының зертхана меңгерушісі.