Денсаулық

Қазақ баласы «Зенит» сапында халықаралық турнирде доп тебеді

Қазақ баласы «Зенит» сапында халықаралық турнирде доп тебеді

Қазақтың жас футболшысы Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің «Зенит» жастар футбол клубы сапында Италияда өтетін «Viareggio Cup» халықаралық турнирінде доп тебеді.

Бұл туралы ресейлік команданың ресми сайты жазды. 21 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы халықаралық жарысқа Италия, Нидерланд, Канада, АҚШ, Бразилия, Аргентина, Нигерия, Чехия, Грекия, Конго, Бельгия, Хорватия, Ресей және Колумбия елдерінен 40-қа жуық команда қатысады. Топтық кезеңде «Зенит» жастары бірінші ойынды бүгін «Эмполи» (Италия) командасына қарсы өткізбек. Араға екі күн салып, «Асколи» (Италия) футбол клубының жастарымен ойнайды. Ал 18 наурызда АҚШ-тың «Атлетик Юнион» командасымен кездеседі. Жарыстың плей-офф кезеңінде топта бірінші орын алған командалар мен екінші орын алған үздік алты команда жарысты жалғастырады. 17 жастағы Еркебұлан Сейдахмет Санкт-Петербургте өткен «Гранаткин Мемориалы» турнирінен кейін «Зенит» жастар құрамына шақыртылған болатын.

ақпарат көзі: kazinform.kz