Денсаулық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзі

ffbb6609ba74eaaebb8f8c1182fdd3b3-sm

Қадірлі қауым!

 Құрметті қазақстандықтар!

Біз бүгін мемлекетіміз үшін мәні зор тарихи шешімнің жүзеге асатын сәтіне куә боламыз. Мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға жария түрде қол қойғалы тұрмын. Бұл – қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды қадам. Заң билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталған. Оның жобасы бір ай бойы қызу қоғамдық талқылаудан өткенін білесіздер. Соның нәтижесінде жұртшылық тарапынан 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Арнайы құрылған жұмыс тобы бұл ұсыныстардың барлығын сараптап қарап, бір тұжырымға келді. Біз көпшіліктің Ата заңдағы 26-бапқа өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысқа қатысты пікіріне ерекше мән бердік. Ұсыныстардың бәрі мұқият қаралған соң мен түпкілікті жобаны Парламент қарауына енгіздім. Парламенттің бірлескен отырысында екі рет қаралып, қабылданған бұл заң билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөледі. Сол арқылы заң шығарушы билік пен Үкіметтің мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа рөлі айқындалады. Біз өкілді органның құзырын кеңейтіп, Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін арттырдық. Мен қоғамдық талқылауға белсене атсалысқан ел азаматтарының бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, жұмыс тобына зор алғыс айтамын. Жұмыс тобына мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары, заңгерлер, университеттер басшылары қатысты. Парламент депутаттары көп ұсыныс енгізіп, нақты жұмыс істеді. Барлық шаралар үшін рахмет айтамын. Заңмен жұмыс жүргізіп, маңызды міндет атқарған Парламент депутаттарына да көп рахмет. Осылайша, Отанымыздың басты құжаты кемелдене түсті. Конституциядан кейін қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізіледі. Осыған орай тиісті жұмыстар жүргізіледі. Енгізілген заңды мен Конституцияның талабы бойынша Конституциялық кеңеске жіберіп, бұл заңның Конституцияға және Қазақстанның заңдарына сай екені жөнінде тағы да дәлелдеме алдым. Енді заңға қол қойып, іске асыруға болады.  

Уважаемые казахстанцы!

Сегодня мной будет подписан Закон «О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан». Он имеет важнейшее значение для страны. Нынешняя реформа – закономерный результат развития нашего государства. Мы молодая страна, строящая свою государственность. Нам необходимо отвечать требованиям изменяющегося мира как в экономике, так и в политике. Ряд полномочий Президента делегируется другим ветвям власти. Правительство усилит свою самостоятельность и ответственность за принимаемые решения. Парламент получит новые полномочия для контроля деятельности  Правительства и исполнительных органов. Будут упрочены гарантии незыблемости  конституционного строя, суверенитета и независимости нашей страны. Политическая система обретет большую степень демократичности и устойчивости. Вместе с тем, базовым фундаментом Республики Казахстан остается президентская форма правления. При обсуждении проекта закона общественность высказывала свои опасения касательно ослабления президентской власти. Всех волнует целостность нашей страны, стабильность государства, единство и дружба народа. Власть станет более сбалансированной, гибкой и эффективной. Принимаемые изменения системны по своей сути, они получили широкий общественный резонанс и одобрение. Выражаю искреннюю благодарность и признательность членам Рабочей группы, депутатам Парламента и всем казахстанцам за поддержку и неоценимый вклад в реализацию конституционной реформы. Я также ценю то, что мой труд во благо Родины народные избранники предложили отметить особой поправкой в Конституцию. Это стимулирует, вызывает уверенность и силу для проведения дальнейших реформ в интересах нашего народа. Стремительная технологическая революция в современном мире формирует новую реальность в глобальной экономике, о чем было сказано в Послании. Обновленная Конституция – это наш ответ на вызовы времени. Для достижения стратегической цели – вхождение страны в число 30-ти развитых стран мира, всем гражданам Казахстана важно объединить свои усилия. Уверен, вместе мы сможем обеспечить успешное развитие государства и процветание нашего народа в 21 веке. В этом состоит основная цель реформ – сохранить наше единство, дружбу, взаимопонимание, равенство граждан по этническому, языковому и конфессиональному принципам. Благодаря этой сплоченности мы неоднократно побеждали. Следуя этим постулатам, мы достигнем новых побед. Поздравляю всех казахстанцев с принятием изменений в Основной закон, открывающих новый этап нашей суверенной политической истории.  

ақпарат көзі  akorda.kz