Денсаулық

Алматыда Start-Up академиясы ашылды

Алматыда Start-Up академиясы ашылды

Алматыда Еуразия технологиялық университетінің жанынан «Start-Up академиясы» ашылды. Бұған дейін мұндай білім ошақтары Павлодар, Атырау мен Астанада да ашылған еді.

«Еуразия технологиялық уни­верситетінің жанынан құрылған «Catapult» атты Start-Up академия құру кә­сіпкерлердің жаңа легін жасақтауда және отандық жаңа жобаларды дамытуға жасалған жаңа қадам. Ака­демия АҚШ үкіметі үшін даяр­ланған коммерцияландыру бағдарламасының авторы Томас Селуччидің әдістемесі бойынша жаңа стартаптарды іздеп, таңдап, дамы­тумен мақсатты түр­де айналысатын болады. Start-Up академия Алматы қала­сында smart-технологиялар мен иннова­циялардың дүниеге келуіне және кәсіпкерлік орта қа­лып­тасуына өз үлесін қо­са­тын болады», – дейді Еура­зия техноло­гиялық универ­ситетінің ректоры Нұржа­мал Дүйсенқұлова. Жалпы, Астана, Павлодар, Атырау қалаларындағы Start-Up академияларда 2016 жыл­дың қыркүйегі мен желтоқсан аралы­ғында 102 адам оқып, 17 жобаға бизнес-идея табудан бастап жүзеге асырылуына дейінгі сүйемелдеу жасалған. Олардың ішінде 4 жоба инвес­тицияланды.

ақпарат көзі: egemen.kz