Денсаулық

Димаш қазақтың «Дайдидауын» Азия әндері рейтингіне енгізді

Димаш қазақтың «Дайдидауын» Азия әндері рейтингіне енгізді

Димаш Құдайберген Қытайдағы «Singer-2017» ән байқауының жетінші кезеңінде өнер көрсетіп, қазақ әнін шырқаған болатын.

Бұл күнде Димаш шырқаған «Дайдидау» әні «Азияның жаңа әндері» (Freshasia music) рейтингінде 107 341 ұпаймен 15-орыннан көрінді. Ал оның бұған дейінгі шырқаған «Adagio» мен «SOS d’un terrien en détresse» әндері сәйкесінше 41 және 50-орындарды иеленді. Айта кетерлігі, қазақтың «Дайдидау» әні қытай тілінде де шырқалған. Шыңжаңдық әнші Гао Иін (高樱) 2012 жылы аталмыш ән қамтылған халық әндері альбомын шығарып, италияның «Premio Lunezia» сыйлығын жеңіп алған бірден-бір қытайлық әнші атанды.