Денсаулық

Қазақстанда тұрғын үй бағасы тұрақты

Қазақстанда тұрғын үй бағасы тұрақты

Қазақстанда жыл басынан бері жаңа баспана бағасы 0,3%-ға төмендеді.

2017 жылдың ақпан айында республика бойынша әрленген және әрленбеген пәтердің бір шаршы метрінің құны орташа есеппен 248 243 теңгені құрады. 2017 жылдың басындағы жағдаймен салыстырғанда жайластырылмаған тұрғын үйлердің бағасы өзгеріске ұшырамады, оның бір шаршы метрі 115 398 теңгені құрады. Екінші нарықтағы жайластырылған пәтерлердің құны биылғы жылдың қаңтар айынан 188 471 теңгені құрап келеді. Жалпы жыл басынан 0,1%-ға төмендеді. Жайластырылған баспананы жалға алу 2017 жылдың ақпанында қаңтар айымен салыстырғанда 0,4%-ға қымбаттап, шаршы метрі үшін 1292 теңгені құрады.

ақпарат көзі: kazinform.kz