Денсаулық

Фристайлдан әлем чемпионаты басталды

Фристайлдан әлем чемпионаты басталды

Кеше Испанияның Сьерра-Невада таулы аймағында фристайлдан әлем чемпионаты басталды.

Жарыстың алғашқы күні могулшылар сынға түсті. Онда әйелдер арасында Саппорода ел қоржынына алтын медаль сыйлаған Юлия Галышева 360,00 ұпаймен жетінші орын иеленді. Бұл сында Аустиялық С.Бриттени жеңіске жетті. Тағы бір отандасымыз Амренова Аяулым 24-ші орыннан көрінді. Ерлер арасында сынға түскен Дмитрий Рейхард 18-ші орынға табан тіресе, Павел Колмаков 59 спортшы арасынан 27-ші орын алды, Дмитрий Бармашов болса мәреге жете алмады.

ақпарат көзі: kazinform.kz