Денсаулық

Елімізде азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

Елімізде азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

Елімізде жұрт күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасы тағы да аспандап кетті.

Әсіресе жұрт күнделікті тұтынып отырған ет, көкөністің құны өскен.

Ұлттық экономика министрлігіндегілердің айтуынша, малдың жем-шөбінің қымбататуына байланысты сиыр мен қой етінің бағасы бірнеше пайызға көтеріліпті. Оның үстіне жанармай құны да күн сайын құбылып тұр.

Сондай-ақ, еліміздегі сауда нүктелерінде картоп, пияз және қырыққабат та қымбаттаған. Оған себеп: көкөністерді сақтайтын қоймалардағы жалға беру ақысы өсіпті. Сәйкесінше, кәсіпкерлер тауардың құнын көтеріп жіберген.

Енді нарықтағы бағаны үнемі бақылауда ұстау үшін Экономика министрлігі бірқатар заңдарға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

ақпарат көзі: stan.kz