Мәдениет

Жыр алыбы Жамбыл рухына тағзым

Жыр алыбы Жамбыл рухына тағзым

28 ақпан – қазақ айтыс өнерінің ірі өкілі, жыр жампозы ұлы Жамбылдың туған күні. Қазақ халқының мақтанышына айналған ұлы тұлғаның дүниеге келген күні әрдайым аталып келеді. Бұл күні кең-байтақ еліміздің барлық жерінде жүз жыл жырлаған алып жүректің мәңгі өлмес асқақ туындылары жоғары оқу орындарында, білім ошақтарында жас ұрпақтың үнімен оқылып, қайта жаңғырып жатты. Тарихы бай Тараз төрінде де Жамбыл жайлы жастардың айтысы өтіп, оның телегей теңіз бай мұрасы ақындардың тіліне тиек болды. Дәстүрге сай осы күні Тараз шаһарындағы ақынның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Гүл қою рәсіміне қала басшысы Нұржан Календеров бастаған тараздықтар, ардагерлер, қала мекемелер өкілдері, студент жастар көптеп қатысып, халық поэзиясы алыбының өшпес рухына тағы бір рет тағзым етіп, құрмет көрсетті.

Фариза Айтбек, «Ақ жол».

Суретті түсірген Виктор Барбаш.