Денсаулық

Жапонияда 81 жастағы әже мобильді қосымша ойлап тапты

Жапонияда 81 жастағы әже мобильді қосымша ойлап тапты

Жапонияда 3-наурызда дәстүрлі түрде атап өтілетін «Қуыршақтар күні» мерекесіне орай 81 жастағы адам смартфондарға арналған мобильді қосымша ойлап тапты, деп жазады Asahi Shimbun. Басылымның айтуынша, Вакамия 43 жыл бойы орталық банктердің бірінде қызмет етіп, 60 жасында компьютерді меңгерген.

 src=

Ол жасаған қосымша Hinadan деп аталады. Бұл сөз hina («қуыршақ») және dan («өз орнына орналастыру) деген сөздерден біріктірілген. Тұтынушы жапон қуыршақтарын ретімен қоюы керек.

 src=

Сонымен қатар блог  жүргізетін Вакамия Токиода қарттарды уақытты тиімді пайдалануға үйрететін клуб ашқан.