ҚР денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Ләззат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметі. Бұл тағайындауға дейін ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы директорының орынбасары, директоры болды.
Ләззат Ақтаева 1965 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Ол еңбек жолын 1988 жылы бастады. Әр жылдары Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы директорының орынбасары, Ұлттық медициналық холдингтің басқарма басшысының кеңесшісі, Республикалық диагностикалық орталықтың медицина мәселелері бойынша директоры, Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының басқарушы директоры, бас директордың орынбасары, 2015-2016 жылдары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры болып қызмет етті.
Ұлттық медицина холдингі басқарма төрағасының кеңесшісі, Республикалық диагносткалық орталықтың медицина мәселелері бойынша директоры, Астанадағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» басқарма директоры болды.