Денсаулық

Қанат Ислам мен Сауль Альварес жекпе-жек өткізе ме?

Қанат Ислам мен Сауль Альварес жекпе-жек өткізе ме?

Австралиялық промоутер Майк Алтамура бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық Қанат Ислам мен дәл осы салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес арасында өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы ой бөлісті.

«Бұл кездесу ұйымдастырылады деген ойдамын, бірақ жақын арада өтпейтін сияқты. Нақты жауапты «Golden Boy» мен Альварес қана бере алады. «Қазақ» осы қалпында жалғастыра берер болса, әйгілі боксшылармен жұдырықтасатын күндері де көп күттірмес», – деді Алтамура.

18 ақпан күні Қанат Ислам АҚШ-тың Делавэр штатындағы Уилмингтон қаласында бразилиялық Робсон Ассиспен жұдырықтасып, бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңген. Жекпе-жектен кейін ол Сауль Альваресті, Мигель Коттоны айқасқа шақырды.

Осы жеңісінің арқасында BoxRec порталының нұсқасы бойынша pound-for-pound (Р4Р) рейтингінде үздік үштікке жақындай түсті.

Айта кетейік, жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан қазақстандық Данияр Елеусінов пен Иван Дычко Майк Алтамураның компаниясымен келісімшартқа отырған.