Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады деп күтілуде
Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады деп күтілуде
Бүгін республиканың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындарының өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жауын жауады, жел күшейеді деп күтілуде. Жекелеген аудандарда тұман түседі, еліміздің қалған аумағында күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарында күндіз кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, найзағай ойнайды деп күтілуде. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, найзағай ойнайды, түнде кей жерлерде тұман түседі. Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріліп, түнде тұман түседі. Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде найзағай ойнайды деп болжануда.
Түнде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде сынап бағанасы 0-5 градус суықты көрсетеді.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қатты ыстық болады деп күтілуде.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz.