Саясат

Ханойда қазақстандық-вьетнамдық қарым-қатынастар талқыланды

Ханойда қазақстандық-вьетнамдық қарым-қатынастар талқыланды

Ханой қаласында Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшісі Бекетжан Жұмахановтың Вьетнам Социалистік Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Фам Бинь Миньмен кездесуі өтті.

«Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі күйі мен келешегін талқылады. Өзара қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы өзара мүдделілік білдірілді. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібінің көптеген мәселелері бойынша екі ел ұстанымдарының ұқсастығы аталып өтті», - делінген ақпаратта.

Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің ашылуына байланысты Фам Бинь Минь сауда-экономикалық ынтымақтастықтың, сондай-ақ Вьетнамның Кедендік Одақпен еркін сауда аймағын құру мәселесіндегі өзара іс-қимылды дамытудың зор болашағын атап өтті.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақсыз мүшесі ретінде Қазақстанның кандидатурасын ұсыну туралы ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың жеке жолдауын тапсырды.

Ақпарат көзі: www.bnews.kz.