Өртенген миллиондаған ақшаның жай-жапсары белгілі болды
Өртенген миллиондаған ақшаның жай-жапсары белгілі болды
Алматы облысында белгісіздер банкоматтағы миллиондаған ақшаны ала алмай, өртеп кеткен.
Желіде өртенген он және бес мыңдық ақшаның суреттері пайда болған. Сөйтсек, бұл оқиға Алматы облысындағы Сарыөзек ауылында болған оқиға екен. Қаскөйлер дүкенде орналасқан банкоматтардың бірін тонамақ болған.
Белгісіздер банкоматты бұза алмай, банкоматтағы қаражатты өртеп алған.
Алматы облысы ІІД ресми өкілі Айман Мырзекованың айтуынша, оқиға 18 ақпанда болған.
"Шын мәнінде оқиға Сарыөзек ауылында болды. Бұл дерек соталды тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - деді Айман Мырзекова.
Расталмаған мәліметтер бойынша, 18 миллион теңге өртенген.
ақпарат көзі: tengrinews.kz