Чемоданның ішінен әйел шықты
Чемоданның ішінен әйел шықты
Грузия азаматшасы чемоданның ішіне тығылып, Түркияға бармақшы болған. Түрік шекарашылары күдікті болып көрінген Грузия азаматының чемоданын тексермекші болады. Чемоданды тексеру барысында оның ішінен 28 жастағы келіншек шыға келген.
Бұған дейін келіншек визалық режимді бұзғаны үшін Түркиядан шығарылған екен. Оқиға Хопа провинциясының Сарп Сыныр бақылау өткізу пунктінде болған. Грузия азаматы әйелді шекарадан алып өтудің басқа амалын таппаса керек.
Айта кету керек, осындай жағдай өткен аптада да болған екен. Тек ол кезде чемоданнан ер адам табылған.
ақпарат көзі: Baq.kz