Денсаулық

Қазақстандық стилист Парижде өткен халықаралық конкурста жеңіске жетті

Қазақстандық стилист Парижде өткен халықаралық конкурста жеңіске жетті

Қазақстандық стилист Владимир Дубинин Парижде өткен Haute Coiffure Franciase 2017 Loreal Professionnel атты кәсіби конкурста жеңіске жетті.

Дубининнің негізгі мамандығы - экономист-аудитор. Алайда ол экономика саласына аяқ баспаған. Университетті аяқтаған соң ол шаштараз өнеріне қызыққан. Ұзақ уақыт Өскеменде жұмыс істейді, кейін Мәскеуге кеткен.  2007 жылы Дубинин белгілі продюсер Яна Рудковскаяның Franck Provost салонында қызмет ете бастайды. Анастасия Заворотнюк сияқты танымал ресейлік жұлдыздарға шаш үлгісін жасайды.

 src=

Осыдан кейін Еуропаға ізденіс үшін аттанып кетеді. Ол осы уақытқа дейін ресейлік конкурстарда жеңіске қолжеткізген. Биыл халықаралық конкурста бақ сынап көруге бел буады. Сайысқа Дубинин Қазақстан атынан шықты. Сайыс кезінде Владимир Дубинин ерекше шаш үлгісін жасап, қазыларды таңдандырды.

 src=

"Мен бұл жеңісіме 6 жыл дайындалдым. Мен Өскеменді, Қазақстанды мақтан етемін, сол үшін өз елімнің атынан шықтым. Бұл жеңіс Қазақстандағы шаштараздық өнерге жаңа бағыт береріне сенімдімін", - дейді Владимир Дубинин.

 src=

Дубинин басты жүлдемен қатар Франция астанасында шаш үлгілерінің топтамасын көрсетілімге қою мүмкіндігіне ие болды.

 src=

ақпарат көзі: tengrinews.kz