Денсаулық

Марсқа қала салынатыны рас па?

Марсқа қала салынатыны рас па?

БАӘ билігі Қызыл планетада алғашқы шағын қала құрылысын қарастырған «Марс-2017» жобасының іске қосылғандығы туралы жариялады. Жоба туралы БАӘ премьер-министрі мен Дубай эмиратының билеушісі Мухаммед бен Рашид Аль Мактум, сондай-ақ, Абу-Даби мұрагер ханзадасы, БАӘ қарулы күштерінің жоғары бас қолбасшысының орынбасары Мухаммед бен Заид Аль Нахайян Дүниежүзілік үкіметтік саммитте мәлімдеді. Жоба жетекші халықаралық ұйымдар және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастықта жүзеге асырылады. БАӘ-нің жүз жылға есептелген ұлттық бағдарламасы Марсқа азық-түлік өнімдері мен адамдарды жеткізуді қамтамасыз ететін эмираттық ғылыми кадрларды дайындау жоспарынан тұрады. Жоба Марстағы азық-түлік өнімдері мен энергетиканы, транспорт құралдарын зерттеуді қарастырады. Сонымен қатар келешектегі қаланың макетінің таныстырылымы да көрсетілді. «Адамдарды басқа планеталарға көшіру адамзаттың бұрыннан келе жатқан арманы. Біздің мақсатымыз – осы арманды іске асырудағы халықаралық күш-жігердің тізгінін БАӘ-не ұстату. «Марс-2117» жобасы аясында БАӘ ұлттық уиверситеттері базасында ғылыми-зерттеу орталықтары құрылып, елдің ғылыми-техникалық базасы күшейтіледі. Әмірлік ғарыш ғылымына ең көп инвестиция құятын тоғыз елдің қатарына кіреді», – деді Мухаммед бен Рашид Аль Мактума.

«Ақ жол-Ақпарат».