Денсаулық

ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін қонақтарға әзірленген кәдесыйлар

ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін қонақтарға әзірленген кәдесыйлар

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг берді. Коммерциялизациялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев ЭКСПО-2017 кәдесый өнімдерін көрсетті.

Ықтимал лицензиаттар үшін әр түрлі тауарлар тізімі ұсынылған. Бүгінгі таңда мынадай категориялар бойынша: ағаштан жасалған өнімдер, теріден жасалған өнімдер, шағыр кәдесый өнімдері, мобильдік аксесуарика, полиграфия, ойыншықтар, ересектер мен балалар киімдері, зергерлік бұйымдар, іскерлік аксессуарлар, кондитерлік өнімдер, музыкалық құралдар, коллеционерлер үшін тауарлар және тағы да басқа көптеген тауарларға ұсыныстар қабылданады, - дейді ұйымдастырушылар.

Олардың айтынша, бұл тауарлар Көрме аумағындағы фирмалық дүкендерде, ел арасында лицензиаттардың дистрибьютерлік жүйесі, сондай-ақ әуежай, теміржол вокзалы, ірі сауда ойын-сауық орталықтары арқылы сатылатын болады. Барлық тауарлар өндіруші компания есебінен жасалады.

Бүгінгі таңда 110 түрлі көпшілік пайдаланатын өнімдерді шығару бойынша анықталған комиссияның алдын-ала қарауынан 13 компания өткен