Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып қайта сайланды
Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып қайта сайланды
Түрікменстанның қазіргі басшысы Гурбанғұлы Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып қайта сайланды.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Гурбанғұлы Бердімұхамедов сайлауда 97,69 пайыз дауыс жинаған. Айта кетейік, президент сайлауына 8 үміткер қатысқан.
Заң бойынша, Түрікменстан президенттіне үміткер дауыс берушілердің жартысынан көп дауыс жинау керек.
Сондай-ақ, 2016 жылдың 14 қыркүйегінде қабылданған Түрікменстанның жаңа Конституциясына сәйкес, президенттік өкілеттіктің 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылғаны және президент болу үшін 70 жасқа дейінгі шектеудің алынып тасталғаны айтылады.
ақпарат көзі: tengrinews.kz