Байзақ
Байзақ
Облыс әкімдігі білім басқармасының ұйытқы болуымен «Менің елім Қазақстан» атты Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған ән фестивалі Қордай ауданының №7 Бетқайнар оқу ордасының базасында өтті. Онда облысымыздағы 19 кәсіптік колледждердің өкілдері бақ сынады. Шәмшінің «Сыған серенадасы» әнін әуелете орындаған №3 Байзақ колледжінің оқытушысы Заман Молдабаев пен колледж білімгері Жаңыл Әбдімомынова фестивальдің І орнын жеңіп алды.