Білім

ҰБТ... «ҚЫЗЫҚТАРЫ» мен «ШЫЖЫҚТАРЫ»

ҰБТ... «ҚЫЗЫҚТАРЫ» мен «ШЫЖЫҚТАРЫ»

ҰБТ-ның кейбір сұрақтарына мектеп түлектері түгілі ақсамай академиктердің өздері жауап бере алмайтын шығар. Мысалы, Алматы сыра зауытының қашан ашылғанын қай академик тап басып айтып бере алады? Алматыда сыра зауытының қашан ашылғанын ең сырақұмар деген адамның өзі анық білмейтін шығар. Және тобылғы торы сыраның ҰБТ-ға үш қайнаса да сорпасы қосылмайды емес пе? Әлде оқушылар мектепте арақ-шарап-сыра зауыттарының тарихын оқыды ма? Ата-аналардың айтуынша, биылғы тестте дәл осы сұрақ түлектердің алдынан шыққан. Екінші, сұрақ тіпті «қызық». Онда «Махамбеттің руы кім?» деген сауал тұр дейді. «Ау, сонда рудың білім мен ғылымға қандай қатысы бар?» дейді аң-таң болған ата-аналар.

«Ақ жол-Ақпарат».