Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқа Универсиадада шорт-тректен 1000 метрге ерлер арасындағы жарыс аяқталды. Бұл бәсекеде Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті.
Шорт-тректен сынға түскен спортшылар арасында Оңтүстік Корея жігіті Лим Кён Вон бірінші орын алд. Ол белгіленген қашықтықты 1:28.024 уақытта еңсерді. Екінші орынды да корей жігіті Пак Чжи Вон (+0.027) иеленді. Ал үздік үштікті қазақстандық спортшы Денис Никиша түйіндеді. Отандасымыз жеңімпаздан +0.165 секундқа қалып қойды.
Осы сайыстың финалына шыққан екінші отандасымыз Айдар Бекжанов алтын медаль иегерінен +0.404 уақыт қалып, төртінші орынға тұрақтады.