Денсаулық

Универсиада-2017. Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті

Универсиада-2017. Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті

Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарында биатлоншы қызымыз Галина Вишневская масс-старт сайысында ел қоржынына 11 алтын жүлдені салды.

Вишневская төрт оғының біреуін мүлт жіберіп, 12,5 километрді 36:15.4 минутта бағындырды. Бұл сында екінші орын украиналық Яна Бондарьға (+1:02.3) бұйырса, үштікті ресейлік Лариса Куклина (+1:13.1) түйіндеді.

Айта кетейік, биатлоншы қызымыз осымен Универсиададағы екінші алтын жүлдесін жеңді. Бұған дейін ол 7,5 қашықтықта спринт сайысында бірінші болып келген.