Универсиада ойындарында төрт медаль алған қазақ спортшысы
Универсиада ойындарында төрт медаль алған қазақ спортшысы
Бүгін қазақстандық шаңғышылар Универсиада ойындарында аралас эстафетадан күміс медаль жеңіп алды. Олардың арасында павлодардық Анна Шевченко да бар.
Анна осы Универсиада ойындарында медальдың барлық түрін алып үлгерді. Оның еншісінде алтын, күміс, қола бәрі бар. Универсиада ойындарында Қазақстан қоржына алғашқы жүлдені салған спортшы да осы Анна болатын. Ол алдымен әйелдер арасында шаңғымен классикалық стильде 5 шақырымға жүгіруден қола жүлде олжалады. Бұл сайыста алтын медаль ресейлік Лилия Васильеваға бұйырған. Күміс жүлдені Лилияның отандасы Анна Нечаевская жеңіп алған. Одан кейін 5 шақырымға із қуып жүгіруден де қола жүлдеге қол жеткізді. Сол кезде Шевченко бірінші орынға екі секунд жетпей қалғанын айтқан болатын.
Алтынды жұптық сайыста Олжас Климин екеуі бірге жеңіп алды. Қазақстандық спортшылардың көрсеткіші 18:23.48. Француздар екінші болды (18:28.67). Ресей спортшылары қоланы қанағат тұтты (18:29.50). Ал бүгін Ольга Мандрика және Ирина Быковамен бірге командалық сайыста екінші келді. Қазақстандық шаңғышылар белгіленген қашықтықты 43:17.2 минутта жүріп өтті. Бас жүлдеге ие болған Ресей құрамасы олардан небәрі 52.1 секундқа озып кетті.
Анна әрбір старттың алдында музыка тыңдап, ойын тынықтырады екен.