Денсаулық

Желі арқылы жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген азамат қолға түсті

Желі арқылы жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген азамат қолға түсті

Полицияның мәліметіне сәйкес ұсталған ресейлік азамат Филипп Будейкин 15 жасөспірімнің өліміне себепші болған. Сондай-ақ, 5 бала өз-өзіне қол жұмсау туралы ойынан соңғы сәтте бас тартқан. Тәртіп сақшылары оны ұстаған сәтте ол диванның астына жасырынып қалған.

Тергеу комитетінің өкілі Светлана Петренконың хабарлауынша, жастарды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін әлеметтік желідегі топтар жұмысын жабық түрде жүргізген. Топқа мүшелікке жасөспірімдерді топтың әкімшісі өзі қабылдап отырған. Оның балалардың алдында беделі жоғары болған. Топта өлім мен депрессивті көңіл-күй насихатталған. Әлеуметтік желідегі топқа мүше кезең кезеңімен тапсырма алып отырды.

Полиция күдіктіні тергеу үстінде. Тергеу комитеті «Вконтакте» желісінің басшылығын да айыптап отыр. Себебі, олар қауіпті топтың қызметіне байланысты қажетті деңгейде шара қолданбаған.

Айта кетейік, әлеуметтік желідегі бұл жантүршігерлік оқиғаларды алғаш ресейлік журналистер көтерген. Олар өз-өзіне қол жұмсаған балалардың туыстарымен тілдесе келе желідегі жантүршігерлік деректердің бетін ашқан. Нәтижесінде интернетте 12-16 жас аралығындағы жастарды саналы түрде өз-өзіне қол жұмсауға ашық итермелейтін топтар анықталған.

ақпарат көзі: Baq.kz