Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу аруы атанды
Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу аруы атанды
Қазақстандық шахматшы қызымыз Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу аруы атанды. Халықаралық шахмат федерациясының ресми сайтында дауыс беру қаңтар айының басында басталып, бүгін өз мәресіне жетті.
Қорытындысында 9136 дауыс жинаған талантты қызымыз бірінші орынға ие болды. Екінші орын өзбекстандық Сарвиноз Курбонбоеваға бұйырды. Ол 7848 дауыс жинады. Ал үздік үштікті Тәжікстан шахматшысы Мутриба Хотами 653 дауыспен түйіндеді.
Айта кетейік, 17 жастағы Жансая Әбдімәлік қыздар арасындағы халықаралық дәрежедегі гроссмейстер.