Денсаулық

Универсиада: Қазақстан қоржынына сегізінші алтын түсті

Универсиада: Қазақстан қоржынына сегізінші алтын түсті

Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық Дмитрий Рейхерд Қазақстан құрамасына сегізінші алтынды сыйлады.

Могулдан өткен сайыстың финалында Рейхерд ресейлік Сергей Шимбуевтің алдын орап кетті. Тағы бір қазақстандық Павел Колмаков қола жүлде еншіледі.

Осылайша, Қазақстан қоржыны сегізінші алтынмен толықты. Ал Рейхерд үшін бұл – осы сайыстағы екінші «алтын» медаль.

ақпарат көзі: Baq.kz