Президент мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақысын өсiрудi тапсырды
Президент мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақысын өсiрудi тапсырды
Мемлекеттiк қызметтегi бос орындар қысқартылып, жалақысын жақсы жұмыс iстейтiн мемлекеттiк қызметшiлерге бөлiп бередi. Бүгiн үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма бердi.
Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң төрағасы Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, министрлер мен әкiмдердiң қазiр осындай мүмкiндiгi бар.
Оның айтуынша, мемлекеттiк қызметтегi 100 мыңдай орынның бүгiнде 17-18 пайыздайы бос тұр.
Президент болашақта мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақысын бизнестегi деңгейге жеткiзу көзделiп отырғанын айтты.
Айта кетейiк, Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өттi. Жиында алдымен елдiң 2016 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары талқыланды. Кейiн Мемлекет басшысы түйiткiлдi мәселелердi көтерiп, алдағы жұмысты айқындап, үкiмет мүшелерiне тапсырмалар бердi.
ақпарат көзі: Baq.kz