Биылдан бастап жастар колледжге емтихансыз қабылданады - БҒМ
Биылдан бастап жастар колледжге емтихансыз қабылданады - БҒМ
2017 жылғы қыркүйектен бастап елімізде «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы енгізіледі. Жоба аясында жастар кейбір мамандық бойынша колледждерге емтихансыз, сұхбаттасу қорытындылары бойынша қабылданады.
Білім министрлігінің мәліметінше, жұмысшы мамандықтар бойынша даярлықты арттыру және жастарда құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында барлық колледжде ағымдағы жылғы қыркүйек айынан бастап екі деңгейлік модульдік бағдарламалар енгізіледі. Олар студенттердің бірінші деңгейлі екі-үш жұмысшы біліктілікті және екінші деңгейлі орта буын мамандығын қабылдау емтихандардың қорытындылары бойынша тегін алуға, немесе ақылы негізде игеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медицина, білім, өнер мамандықтары бойынша даярлық мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады. Ал құқық, экономика мамандықтары бойынша даярлық ақылы негізде жүргізіледі.