Рахат Әлиев Венада тұтқындалды
Рахат Әлиев Венада тұтқындалды
Отанында адамдарды ұрлағаны үшін сотталған Рахат Әлиев бейсенбі күні кеште Венада тұтқындалды, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары еуропалық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Австрияда Әлиевті тұтқындауға ордер 19 мамырда жазылды. Әлиевтің өкілі Манфред Айнедтер австриялық АРА агенттігіне экс-дипломат ерікті түрде берілгенін және құқық қорғау органдарымен ынтымақтасуға ниетті екенін хабарлады. БАҚ соңғы кездері Әлиев өзінің жаңа әйелінің тегіне жазылып Мальтада тұрып жатқанын хабарлады. Бұрын Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметін атқарған Рахат Әлиевке 2008 жылы Отанында билікті басып алуға әрекет жасағаны және адамдар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрғаны үшін жалпы көлемі 40 жылға бас бостандығынан айыруға сырттай үкім шығарылған болатын. Вена соты 2011 жылы Әлиевті Қазақстанға экстрадациялауға бас тартты. 2014 жылы қаңтарда Қазақстан прокуратурасы Әлиевке және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Әлнұр Мұсаевқа қарсы олардың оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаевты және оның жүргізушісі мен күзетшісін өлтіруді ұйымдастыруға қатысын тексеру мақсатында қылмыстық іс қозғауға өтініш берді.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.