Саясат

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ҮНДЕУІ

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар! Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына аса маңызды Жолдауы жарияланды. Мемлекет басшысы күн тәртібіне Қазақстанның Үшінші жаңғыруы жөнінде міндет қойды. Мақсаты – елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру. Мемлекет басшысы «бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары негізінде «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына, болашаққа бастайтын сенімді көпір» – деді. Президенттің Жолдауы Қазақстанның әрбір азаматының өмір сапасын арттыратыны сөзсіз! Президент Үшінші жаңғырудың негізгі бес басымдығын айқындап берді – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы; дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру; еңбек нарығын жаңғырту; макроэкономикалық тұрақтылық; адами капитал сапасын жақсарту; институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл басымдықтар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай ілгерілеуді қамтамасыз етеді. Бұл мақсаттарға жету үшін «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық ауқымды жоспары әзірленеді. Халықтың тұрмысына «Цифрлық Қазақстан», IT-стартаптардың халықаралық технопаркі сияқты инновациялар қолданысқа енгізіледі. Үкіметтің алдына 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есеге ұлғайту міндеті қойылды. Қазақстанның агроөнеркәсібі Еуразия континентінің «нан кәрзеңкесіне» айналады, 5 жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлер кооперативтерге біріктіріледі, суармалы егіс алаңдары 5 жыл ішінде 40%-ға артып, 2 миллион гектарға жетеді. Еңбек нарығы жаңғыртылып, жұмыс күші артық өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымды тартуға қолдау көрсетіледі. Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту жүзеге асырылады, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуы қамтамасыз етіледі. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылады. Мемлекеттің экономикадағы үлесі ішкі жалпы өнімнің 15%-ына дейін, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері деңгейіне дейін төмендетіледі, «Самұрық-Қазына» холдингін сапалы түрде трансформациялау ісі жүзеге асырылады, мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейтуге зор мүмкіндік беріледі. Білім беру адами капиталдың сапасын жақсарту аясында экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналады, «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Үш тілді қоғамның негізгі іргетасы ретінде мемлекеттік тілді дамытуға тың серпін беріледі. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 20%-ға дейін, ал 2018 жылдан бастап базалық зейнетақы 1,8 есеге артады, сондай-ақ бала туылғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өседі, ең төменгі күнкөріс шегі де қайта қарастырылады, денсаулық сақтаудың жаңа моделі енгізіледі. Қазақстан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған жаңа Мемлекеттік бағдарлама дайындалады, «Қазақстан киберқалқаны» жүйесі қалыптастырылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет екенін, біздің басты күшіміз – бірлікте екенін ерекше атап өтті! Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанды үшінші жаңғырту идеясын толық қолдайды! Біз үнемі алға жылжи отырып, ұлы мақсаттарды іске асыра отырып, Мәңгілік Елдің берік іргетасын бірге қалаймыз! Болашағы біртұтас ел – біздің мақсаттарымыздың, құндылықтарымыздың бірлігімен, қоғамдық келісімнің күшімен қалыптасады. Қазақстанның Үшінші жаңғыруы саяси конституциялық реформаның қисынды жалғасы болып табылады, елді демократияландырудың сенімді іргетасы, мемлекеттің, қоғамның, Қазақстанның көп ұлтты халқының жаһандық тарихи ауқымдағы экономикалық және саяси дамуын синхрондайды. Үшінші жаңғыру – Қазақстан дамуының алдыңғы онжылдықтарға арналған бағдарламасы, бұл қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытудың экономикалық және әлеуметтік алгоритмі. Тұрақтылық, бірлік және келісім – Қазақстанның дамуының негізі – Үшінші жаңғырудың негізі. Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлы Дала Елінің барша халқын Қазақстанның Үшінші жаңғыруының бірыңғай әлеуметтік драйвері болуға шақырады. Біздің ортақ жетістігіміз – әр азаматтың күш-жігеріне, жоғары азаматтық борышы мен жауапкершілігіне байланысты. Біз, Қазақстан халқын, біздің бірлігімізді, біздің ортақ азаматтық бастауларымызды және біздің асыл қасиеттеріміз – жауапкершілік, еңбекқорлық, сенім, ашықтық және өз күшімізге деген сенімділікті нығайтуға шақырамыз. Біздің балаларымыз үшін, біртұтас болашағымыз, халқымыздың өсіп-өркендеуі мен бақыты үшін қажетті Үшінші жаңғырту бағдарламасында әрбір азамат өз орнын табатыны сөзсіз. Алға, Қазақстан!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі.

2017 жылғы 31 қаңтар, Астана қ.