Бір көшенің жартысы ортасынан опырылып түсті
Бір көшенің жартысы ортасынан опырылып түсті
АҚШ-тың Балтимор қаласында лай көшкіні салдарынан бір көшенің жартысы ортасынан опырылып түсті, деп жазады 24.kz.
Осының кесірінен көшеде тұрған ондаған көлікті жер жұтқан. Куәгерлердің айтуынша, жер сілкінгендей болып, оның астынан ағып жатқан судың даусы шыққан. Төтенше жағдай салдарынан маңайдағы жүздеген үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Бұл ерекше оқиғаға аймақта бір тәуліктен астам жауған нөсерлі жауын себеп деген болжамдар айтылуда. Жауын-шашынның көп мөлшерінен топырақты су шайып кеткен.