Денсаулық

Универсиада-2017: Қазақстан спортшылары екінші алтынға қол жеткізді

Универсиада-2017: Қазақстан спортшылары екінші алтынға қол жеткізді

Қазақстн қоржыны екінші алтынмен толықты. Қазақстандық фристайлшы дуэт Жанбота Алдабергенов пен Бағлан Іңкәрбек аралас командалық акробатика сайысы бойынша «алтын» жүлдені олжалады.

Финалда спортшыларымыз қытайлық қос спортшыды жеңіп кетті. Олар сайысты 167.05 ұпаймен аяқтады. Қарсыластары 113.02 және 87.77 ұпайын жинады.

Ақмаржан Қалмырзаева мен Дархан Мұхамеджанов квалификация кезінде жарыс жолынан шығып қалды.

Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль бар.

ақпарат көзі: stan.kz